Accessibility links

Сирия танкілері Түркиямен шекаралас аймаққа кірді


Cирия шерушілері президент Башар әл-Ассадқа қарсы ұрандар айтып жатыр.

Cирия шерушілері президент Башар әл-Ассадқа қарсы ұрандар айтып жатыр.

Хабарларға қарағанда, Сирия армиясы сенбі күні Түркиямен шекаралас ауылдық жерге енген. Бұл аймақта үкіметтің шерушілерді басып-жаншығанынан бас сауғалап кеткен 10 мыңдай сириялық тұрып жатқан.

Жергілікті белсенділердің айтуынша, Идлиб провинциясындағы халықты басып тастау үшін Бдама ауылына жасақтар мен әскери көліктер кіргізілді.

Британия Сириядағы қақтығыстар басталғандықтан өз азаматтарын бұл елден шығуға шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирия жетекшісі Башар әл-Ассад режимінің өз қарсыластарын күшпен басуы өзгерістерге шақырған күшті баса алмайды деді.
XS
SM
MD
LG