Accessibility links

Гейтс: АҚШ талибанмен келіссөз өткізіп жатыр


АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Бельгиядағы НАТО-ның штаб пәтерінде. 8 маусым. 2011 жыл

АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Бельгиядағы НАТО-ның штаб пәтерінде. 8 маусым. 2011 жыл

АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс мәлімдегендей, Американың мемлекеттік департаменті басқа елдермен тандем құрып, Ауғанстандағы талибандармен келіссөз жүргізіп жатыр.

Гейтс бұл туралы CNN телеарнасына берген сұқбатында айтты. Ол талибанмен бұл байланыстар әлі бастапқы деңгейде деді. АҚШ қорғаныс министрі келіссөзге талибан жетекшісі Мулла Омардың орнына келетін тарап анықталып жатқанын айтты.

Жексенбі Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ Ауғанстандағы 10 жылға таяған соғысты аяқтау үшін талибанмен бейбіт келіссөздер өткізуді қарастырып жатыр деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG