Accessibility links

Ресей БҰҰ-ның Сирия жөніндегі қарарын қолдамайды


Ресей президенті Дмитрий Медведев Санкт-Петербург экономикалық форумында сөйлеп тұр. 15 маусым 2011 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев Санкт-Петербург экономикалық форумында сөйлеп тұр. 15 маусым 2011 жыл.
Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияның ішкі ісіне әскери тұрғыдан араласу болып табылуы мүмкін қарарын қолдамайды.

Financial Times газетіне берген сұқбатында Ресей президенті Дмитрий Медведев осылай деді.

Ресей басшысының айтуынша, Қауіпсіздік кеңесінің бұдын бұрын Ливия жөнінде қабылдаған қарары НАТО елдері тарапынан "кеңінен қарастырылған". Бұл қарарды Медведев Ливияда "мағынасыз" әскери амал жүргізуге себеп болды санайды.

Ол бірнеше айдан бері өткізіліп жатқан қарсылық акциясына қатысушылардың өліміне қатысты Сирия басшылығы да жауап беруі керек дейді.

Дүйсенбі күні Сирия президенті Башар әл-Асад елдегі жағдай жөнінде теледидардан сөйлемек.
XS
SM
MD
LG