Accessibility links

Грекияға берілетін көмек кейінге қалды


Еуропа одағы елдері Грекияға қаржылай көмек бөлу жөнінде шешім қабылдауды кейінге қалдырды.

Люксембургта бас қосқан Еуропа одағы елдері қаржы министрлері осындай тоқтамға келді. Олар Грекия парламенті мемлекеттік шығынды азайту және мемлекеттік активті жекешелендіру туралы заң қабылдауы керек дейді.

Егер осы шарт орындалатын болса, шілденің ортасында Грекияға 12 миллиард доллар көмек берілмек.

Бұдан бұрын Грекия премьер министрі Георгиос Папендреу де парламент жекешелендіру бағдарламасын қабылдамаса, оның салдары қиын болатынын ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG