Accessibility links

Тунисте бұрынғы президентті сырттай соттайды


Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абидин Бен Али. Тунис, 22 желтоқсан 2010 жыл.
Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абидин Бен Али. Тунис, 22 желтоқсан 2010 жыл.
Тунисте дүйсенбі, маусымның 20-сы күні елдің бұрынғы президенті Зин әл-Абидин Бен Алидің соты басталады.

Бен Али мен оның жұбайы Лейла Трабелсиге қаржы ұрлады, заңдастырды және заңсыз есірткі саудалады деген сырттай айып тағылды. Бен Алидің билігін асыра пайдалануы мен кісі өліміне қатысты да тергеу жүріп жатыр.

Тунистің бұрынғы президенті Сауд Арабиясына қашып кеткен соң оның резиденциясынан маусымның 14-і күні 27 миллион долларлық ақша мен асыл тастар, қару-жарақ табылды. Бен Али өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, оны "масқара маскарад" деп атады.
XS
SM
MD
LG