Accessibility links

Петрозаводскіде ұшақ апатынан 44 адам қаза тапты


Дүйсенбіден сейсенбіге ауған түні Петрозаводскіге қону кезіндегі ұшақ апатынан 44 адам қаза тауып, сегіз адам жараланды.

Қаза тапқандардың арасында швед азаматы да бар.

Ұшақта 43 жолушы, тоғыз экипаж мүшесі болған.

Апат орнынан ұшақтың "қара жәшіктері" табылды.

Мәскеуден ұшып шыққан "Русаэро" компаниясының ТУ-134 ұшағы қону кезінде жерге соғылып, өртенген. Оқиға ұшақтың аэродромға жетуіне бір шақырым қалған кезінде болды.

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда апатқа ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ басқа да себептері қарастырылып отыр.
XS
SM
MD
LG