Accessibility links

Тунистің бұрынғы президенті 35 жылға сотталды


Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абедин Бен Али әйелі Ләйламен бірге. Tунис. 11 қазан 2009 жыл.
Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абедин Бен Али әйелі Ләйламен бірге. Tунис. 11 қазан 2009 жыл.
Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абедин Бен Әли мен оның жұбайы Лейла сырттай 35 жылға сотталды.

Сот оларды бұған қоса 66 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Сауда Арабиясына жүрген Тунистің бұрынғы президентінің сот үкімі дүйсенбіде шығарылған болатын.

Бен Әли мен жұбайына бұл жолы тонау, заңсыз есірткі айналымы және жемқорлыққа барды деген айып тағылған. Сот төрағасы енді Бен Әлидің заңсыз есірткі мен қару сақтады деген айып бойынша сотталатынын айтады.
XS
SM
MD
LG