Accessibility links

"Нұр Отан" партиясы ғимараты алдында өзін-өзі өртеген әйел қайтыс болды


"Нұр Отан" партиясының бас ғимараты. Aстaнa, 31 мамыр 2011 жыл.

"Нұр Отан" партиясының бас ғимараты. Aстaнa, 31 мамыр 2011 жыл.

«Нұр Отан» партиясының Астанадағы бас ғимараты алдында өзін-өзі өртеген әйел қайтыс болды деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов сейсенбі күні.

Министрдің айтуынша, марқұм ұлының есірткі сақтағаны үшін 10 жылға соттаған сот шешіміне наразы болып, Астанаға келген.

«Әйел сот шешіміне қанағаттанбай жоғары сотқа шағымданып, «Нұр Отанға» жүгінген», - деді министр Қалмұхамет Қасымов.

Дүйсенбі күні өзіне-өзі бензин құйып өртеп, ауруханаға түскен әйелдің денесінің 95 пайызы күйгендігі хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG