Accessibility links

Ливия көтерілісшілерінің басшысы Қытайға барды


Ливия оппозициясының Ұлттық өтпелі кеңесінің жетекшісі Махмуд Жибрил Вашингтондағы Брукингс институтында. 12 мамыр 2011 жыл.

Ливия оппозициясының Ұлттық өтпелі кеңесінің жетекшісі Махмуд Жибрил Вашингтондағы Брукингс институтында. 12 мамыр 2011 жыл.

Муммар Каддафиді биліктен кетіруді көздейтін көтерілісшілердің жетекшісі бүгін Қытайға барды. Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесі төрағасы Махмуд Жибрил Қытай сыртқы істер министрімен келіссөз өткізбек.

Бейжіңнің хабарлауынша, келіссөздер барысында Ливиядағы қақтығысты шешу үшін саяси диалогтың маңыздылығы айтылады.

Ақпан айының ортасында Каддафи үкіметіне қарсы көтеріліс басталғалы бері Қытай бұл мәселеге араласпай келген болатын.
XS
SM
MD
LG