Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы елшісі президент сайлауына түседі


АҚШ-тың Қытайдағы бұрынғы елшісі Джон Хантсмэн.

АҚШ-тың Қытайдағы бұрынғы елшісі Джон Хантсмэн.

АҚШ-тың Қытайдағы бұрынғы елшісі Джон Хантсмэн президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынды. Ол республикашылар партиясы атынан қатыспақ.

Кезінде Юта штатының губернаторы болған Хантсмэн сейсенбі күні Нью-Джерси штатында өзінің сайлау науқанына кірісетінін ресми түрде жариялады.

Ол өз сөзінде АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы қақтығыстарға қатысуын азайтып, "ішкі мәселелерді шешетін" сәт туғанын айтады.

Бақылаушылар Хантсмэннің сыртқы саясаттағы қызметі - республикалық партиядағы өзге кандидаттардан артықшылығы екенін айтады.

Ол биыл сәуір айында АҚШ-тың Қытайдағы елшісі қызметінен отставкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG