Accessibility links

Үлбі зауытында ақау шықты деген хабардан соң халық дүрбелеңге түсті


Өскемен қаласының тұрғындары Үлбі металлургиялық зауытында апат болған болуы мүмкін деген қауесеттен кейін дүрбелеңге түсті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, тұрғындар балаларын бала-бақшадан тезірек алып кету үшін жұмыстарынан сұранып, үйлеріндегі терезелерін нығыздап жауып, кейбіреулері медициналық маскалар мен токсиндерді шығаратын дәрі-дәрмектерді сатып алып жатқан көрінеді. Жергілікті интернет сайттары қала тұрғындарының біртүрлі иіс сезгендері туралы жазыпты.

Төтенше жағдайлар бойынша облыстық департамент жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындарын тыныштық сақтауға, дүрбелеңге түспеуге шақырған. Билік орындары Өскеменде ешқандай апат болмады дейді.

Ал Үлбі металлургиялық зауыты сәрсенбі күні таңертең техникалық ақау болғанын, бірақ оның ешқандай зияны болмағанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG