Accessibility links

Қытайлық суретші Ай Вейвей кепілге босатылды


Қытайлық суретші Ай Вейвей. Қараша, 2010 жыл.

Қытайлық суретші Ай Вейвей. Қараша, 2010 жыл.

Қытай мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қамауға алынған суретші Ай Вейвей кепілге босатылған.

"Синьхуа" агенттігінің мәліметінше, халықаралық түрде мойындалған суретші әрі дизайнер Ай Вейвей салық төлеуден бас тартқанын мойындаған соң және денсаулығы нашар болғандықтан босатылған.

53 жастағы Ай Вейвей осы жылдың басында тұтқындалған. Оған "экономикалық қылмыс жасады" деген айып тағылған еді.
XS
SM
MD
LG