Accessibility links

Каддафи НАТО күштерін айыптады


Муаммар Каддафи. 11 мамыр 2011 жыл.

Муаммар Каддафи. 11 мамыр 2011 жыл.

Ливия басшысы Муаммар Каддафи НАТО күштерін бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыптады.

Оның бұл айтқаны аудиожазба түрінде мемлекеттік арнадан таратылды.

Муаммар Каддафи онда өзінің батыс елдеріне қарсылығын жалғастыратынын айтқан.

НАТО 19 маусымда Триполидегі әскери нысандарды бомбалау кезінде бейбіт тұрғындардың қаза табуы мүмкін екендігіне өкініш білдірген еді.

Қазір Британия мен Франция НАТО-ның Каддафи режиміне қарсы үш айлық әуе шабуылын жүргізуге мүдделі. Ал Италия "ізгі үзіліс" жасауға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG