Accessibility links

Минскіде акцияға қатысқандар ұсталды


Милиционерлер акцияға қатысушыларды әкетіп барады. Минск, 22 маусым 2011 жыл.

Милиционерлер акцияға қатысушыларды әкетіп барады. Минск, 22 маусым 2011 жыл.

Минскіде сәрсенбі, маусымның 22-сі күні өткен "Әлеуметтік желілер арқылы революция" азаматтық акциясы кезінде 150 адам (арасында бірнеше журналист бар) ұсталды деп хабарлайды жергілікті билік.

Беларусьте мұндай акция әлеуметтік желілер арқылы осымен төртінші сәрсенбіде ұйымдастырылды. Тәуелсіздік даңғылына жиналған шерушілер саны жүзге жеткенде арнайы жасақ бірнеше адамды милиция көлігіне мінгізіп әкетті.

Акция елдегі экономикалық дағдарысқа орай басталған еді. Бұл шара Беларусьтің 30-дан астам қаласында өтті.
XS
SM
MD
LG