Accessibility links

Ауған тәліптері Обаманың мәлімдемесіне разы емес


Ауғанстандағы АҚШ әскері. 10 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстандағы АҚШ әскері. 10 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстандағы тәліптер АҚШ-тың жыл соңына дейін бұл елден 10 мың әскерін шығару туралы ниетін "символдық нышан" деп атады.

Бұл туралы тәліптердің бүгін таратылған мәлімдемесінде айтылды. "Ауғанстан ислам әмірлігі" деп аталатын ұйым атынан сөйлеген адамдар елден шетелдік әскерлердің бәрін шапшаң шығаруын талап етеді, әйтпесе "қарулы күресті өрістететіндерін" айтады.

Америка әскерінің Ауғанстаннан шығатынын АҚШ президенті Барак Обама кеше жариялаған еді. Биыл жыл соңына дейін АҚШ Ауғанстандағы 10 мың әскерін шығармақшы. 2012 жылдың жазына қарай олардың саны 33 мыңға жетеді.

Барак Обаманың айтуынша, Ауғанстан билігіне ел жағдайын толық бақылау 2014 жылы беріледі.
XS
SM
MD
LG