Accessibility links

Обама Таулы Қарабақ қақтығысын тез реттеуге шақырды


Америка президенті Барак Обама.

Америка президенті Барак Обама.

Америка президенті Барак Обама Таулы Қарабақ қақтығысын бейбіт реттеуде ілгерілеушілікке шақырды.

Бұл турасында Ақ үй хабарламасында айтылған.

Бейсенбі күні Барак Обама Армения президенті Серж Саргсянмен және Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлескен.

Жұма күні Қазанда Армения, Әзербайжан және Ресей президенттері кездеседі. Онда Таулы Қарабақ мәселесі талқыланады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минскі тобының тең төрағалары Ресей, Америка және Франция кездесуден айтарлықтай үміт күтеді. Осы талқылауда Қақтығысты реттеудің негізгі қағидаттары қабылдануы мүмкін.
XS
SM
MD
LG