Accessibility links

Халықаралық энергетика агенттігі нарыққа стратегиялық қордан 60 миллион баррель қосымша мұнай шығару шешімін жариялаған соң әлемдік мұнай бағасы арзандады. Ол шешім соғыс болып жатқан Ливиядан келетін мұнайдың кідірісін шешіп, бағаны арзандату үшін қабылданған.

Бейсенбі, маусымның 23-і күнгі сауда бойынша, Нью-Йорк қор биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 4,39 долларға дейін арзандап, 91,02 долларға тең болды, Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 6,95 доллар арзандап, 107,26 долларға түсті.

28 ел мүше болған Халықаралық энергетика агенттігі 30 күн бойы күніне 2 миллион баррель мұнай жеткізіп отыратынын мәлімдеді. 727 миллион баррель шикі мұнай қоры бар АҚШ бұл 60 миллион баррельдің жартысын өз мойнына алды. Еуропа елдері 30 пайызын жеткізуі керек. Қалғанын Тынық мұхиты елдері орындайды.
XS
SM
MD
LG