Accessibility links

БҰҰ Ауғанстанда апиын өндіру азайғанын айтады


Гильменд уәлаятындағы көкнәр. Ауғанстан, 25 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Гильменд уәлаятындағы көкнәр. Ауғанстан, 25 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстанда 2010 жылы көкнәр егістігі жұтаң болғандықтан апиын өндіру де азайды деп мәлімдеді БҰҰ-ның әлемдік заңсыз есірткі айналымы туралы маусымның 23-і күнгі жаңа баяндамасы.

Ауғанстан 2009 жылы әлемдік апиынның 88 пайызын, 2010 жылы 74 пайызын өндірген. Ауғанстан сонда да 2010 жылы нарыққа 3600 тонна апиын шығарып, бәрібір әлемдегі ең көп апиын өндіретін ел атанды.

БҰҰ болжамы бойынша, Ауғанстанда 2011 жылы ұйымдасқан қылмыстың жоғарылығына, биліктің әлсіздігіне, сыбайлас жемқорлыққа және басқа екпе дақылдар жоқтығына байланысты есірткі өндіру көлемі артады.
XS
SM
MD
LG