Accessibility links

АҚШ Иран компаниясына қарсы санкция енгізді


АҚШ қаржы министрлігі Ирандағы жеті айлақты және "Иран Эйр" авиакомпаниясын басқаратын "Тайдуотер Мидл Ист Компани" компаниясына қарсы санкция енгізді.

АҚШ қаржы министрлігінің бейсенбі, маусымның 23-індегі мәлімдемесіне қарағанда, Тегеранның жаппай қырып-жоятын қару жасауына бұл мекемелердің де қатысы бар. АҚШ-тың жеке және заңды тұлғаларының бұл компаниялармен әріптестік орнатуына тыйым салынды.

Министрлік оған қоса "Тайдуотер Мидл Ист Компанидің" АҚШ-тағы қаржылық активтерін тұсауламақ. Шамамен 40-қа тарта ұшағы бар "Иран Эйр" 35 бағыт бойынша халықаралық рейске қызмет көрсетеді.
XS
SM
MD
LG