Accessibility links

Палестиналықтың әйелі Януковичке қарсы арызданды


Дирар Абу Сиси. Израиль, 31 наурыз 2011 жыл.
Дирар Абу Сиси. Израиль, 31 наурыз 2011 жыл.
Газа секторынан Украинаға келіп, поезда жоғалып кеткен палестиналық Дирар Абу Сисидің әйелі Украина президенті Виктор Януковичке қарсы Киев сотына шағымданды.

Дирар Абу Сиси Украинада жолаушылар поезына мінген соң жоғалып кеткен. Оның қайда бармақ болғаны, қашан жоғалғаны айтылмайды. Кейін оның лаңкестікке қатысы бар деген айыппен Израиль түрмесінде отырғаны анықталды.

Палестиналықтың әйелі Вероника Абу Сиси бейсенбі, маусымның 23-і күні сотқа шағымданып, Виктор Януковичтің бұл іске қатысты әрекетсіз отырғанын айыптады деп хабарлайды адвокат Данила Курдельчук. Оның айтуынша, Вероника Абу Сиси күйеуінің Украинаға қайтарылуын талап етеді. Әзірше Израиль да, Украина да Дирара Абу Сисидің жоғалуына байланысты ештеңе айтқан жоқ.
XS
SM
MD
LG