Accessibility links

АҚШ пен Еуропа Одағы Тимошенконың сотын айыптады


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко мен оның адвокаты Сергей Власенко. Киев, 24 маусым 2011 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко мен оның адвокаты Сергей Власенко. Киев, 24 маусым 2011 жыл.

АҚШ пен Еуропа Одағы Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың сотын айыптады.

"Қызғылт-сары төңкерісі" жетекшілерінің бірі Тимошенкоға "2009 жылы Ресеймен газ жеткізу келісіміне қол қойғанда өкілетін асыра пайдаланды, Украина бюджетіне 190 миллион АҚШ доллары көлемінде зиян шектірді" деген айып тағылған.

АҚШ мемлекеттік департаменті оппозициялық тұлғаның сотталуының саяси астары бар көрінеді деп мәлімдеп, алаңдаушылық танытты.

Жұма күнгі сот отырысына қатысқан Еуропа Одағының Украинадағы елшісі Киевтегі сот отырысы қапырық бөлмеде өтті деп атап көрсетіп, сотты сынады.

Өткен жылғы президент сайлауына түскен Юлия Тимошенко "саяси репрессия құрбаны" екенін айтып, Еуропадағы адам құқы жөніндегі сотқа шағымданғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG