Accessibility links

Иранда лаңкестікке қатысты саммит өтіп жатыр


Иран президентінің ауған және пәкістандық әріптестерімен кездесуі. Тегеран, 24 маусым 2011 жыл.
Иран президентінің ауған және пәкістандық әріптестерімен кездесуі. Тегеран, 24 маусым 2011 жыл.
Бүгін Иранда лаңкестікке қатысты халықаралық саммит басталды.

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тегерандағы сыртқы істер министрлігінде өтіп жатқан басқосу екі күнге жалғасады. Оған Ауғанстан, Ирак, Пәкістан, Судан және Тәжікстан президенттері, сонымен қатар, бірнеше елдің вице-президенттері мен премьер-министрлері қатысып жатыр. 80 мемлекеттің ресми өкілдері мен аймақтық және халықаралық ұйымдардың мамандары да Ирандағы саммитке жиналған.

Бұдан бұрын Иран АҚШ пен оның одақтастарын Ауғанстан мен Иракта әскер орналастыру арқылы бұл елдердегі қауіпсіздік жағдайын нашарлатты деп айыптаған болатын.

Тегеранның айтуынша, шетел күштері шығарылып, аймақтағы елдер өз қауіпсіздігіне жауапты болса, лаңкестікпен тиімді күресуге болады.
XS
SM
MD
LG