Accessibility links

Ауған депутаттары 5 судьяға қарсы дауыс берді


Ауғанстандағы заңшығарушылар Жоғары соттың бес аға судьясын орнынан алу жөнінде дауыс берді. Бұл қадам елде саяси дағдарыс күшейіп тұрған сәтте президент Хамид Карзай құрған арнайы трибуналдың шешімінен кейін болып отыр.

Бейсенбі күні ол трибунал соңғы қыркүйек айында өткен сайлауда болған бұрмалаушылықтар үшін 62 депутат орнынан алынуы керек деген.

Сарапшылар сенбі күні парламенттегі дауыс берулер арнайы трибуналдың шешіміне Жоғары сот кедергі жасамағаны үшін болды деп отыр.
XS
SM
MD
LG