Accessibility links

Ауған ауруханасындағы жарылыс 35 адамның өмірін әкетті


Ауған билігінің хабарлауынша, елдің шығысындағы емхандада болған жанкештілік жарылыс кемінде 35 адамның өмірін әкетті.

Құрбан болғандардың көбі дәрігерлік көмек күтіп, кезекте тұрған балалар мен әйелдер болды.

Сенбі күнгі жанкешті жарылысы осы жылғы ең қанды шабуыл болып отыр. Тағы 50 шақты кісі жарақат алған.

Жанкешті көлігі Логар провинциясының Азра ауданындағы қоғамдық медицина орталығы ғимаратының қабырғасын жарып кірген. Жарылысқа жауапкершілікті талибандар алмады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG