Accessibility links

Ливиялық отбасылар бірнеше айдан кейін қайта табысты


Қызыл крест ұйымының 100 шақты ливиялықты тиеген кемесі Триполиге жетті. Олар Солтүстік Африка елінде алғашқы қақтығыс басталған ақпан айынан бері Бенгазиде қалған болатын.

Халықаралық қызыл крест ұйымының өкілі жексенбі күні журналистерге айтқанында, кемеде негізінен отбасыларымен қайта қауышқысы келген әйелдер, жасы үлкен кісілер мен балалар болды деді.

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиге қарсы бірнеше айға созылған қарсылық шаралары елді тығырыққа тіреді. Одан кейін бейбіт халықты қорғау үшін халықаралық елдер Ливияның ісіне араласты.
XS
SM
MD
LG