Accessibility links

Гаага соты Каддафиді тұтқындауға ордер беруді қарастырады


Муаммар Каддафи. 12 маусым 2011 жыл.
Муаммар Каддафи. 12 маусым 2011 жыл.
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот дүйсенбі күні Ливия басшысы Муаммар Каддафи мен оның серіктерін тұтқындауға ордер беруі мүмкін.

Бұл турасында сот арнайы қарастырмақ.

Халықаралық соттың бас прокуроры Луис Морено-Окампо былай деді: "Каддафи мен оның ұлы Сейф ул-Исламның, және Ливия барлауының басшысы Абдолла әс-Сенуссидің адамзатқа қарсы қылмысын дәлелдейін айғақтар жеткілікті".

Бас прокурор мәселенің Ливияда ақпан айында басталған қарсылық шарасына қатысқандарды қудалауға қатысты екенін айтқан.

Жексенбі күні Ливия үкіметінің өкілі Ибрагим Мұса елдегі қарулы қақтығыстарға қарамастан Каддафидің "Ливия халқының тарихи таңдауы" болып қалатынын, биліктен шеттетілмейтін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG