Accessibility links

Ескірмеген естелік: «Қышыған жерімді дәлелдеп бер!»


Мұхтар Шерім, қазақ блогшысы, сатирик.

Мұхтар Шерім, қазақ блогшысы, сатирик.

Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіндегі «Қақпан» сын-сықақ бөлімін қақыратып жүрген кезім. Түркістан қаласындағы балабақша меңгерушісінің ішіп-жеп қойғаны туралы «Алақаным қыши береді» атты фельетон жаздым. Ол кезде фельетондарды бұрқыратып жазып жүрген кез еді.

Арада апта өтпей жатып, балабақша меңгерішісі мені сотқа берді. Сотқа келдім. Фактілерді БХСС-тен алғанмын, ендеше қорқыныш жоқ. Сөйтсем, әлгі кейіпкер апайым:

– Менің қай жерім қышиды, Шерімовтың онда жұмысы қанша? Денемде не жұмысы бар? «Алақаны қыши береді, қыши береді, мемлекет ақшасын алғысы келе береді, келе береді» деп жазыпты. Алақаным қашан қышыды? Дәлелде! – деп айқайлағанда, ауызым айқыш-ұйқыш болып қалды.

– Ой, апай, бұл деген образды сөз ғой... Не ғой... – деп сасып қалдым. Жаспын ғой.

– Жоқ, алақанмының қышығанын қайдан біле қойыпты, сот жолдас, дәлелдеп берсін! – деп қоймайды апайым. Қара тер болдым. Таныс салып жүріп, соттан әрең құтылғаным бар. Заман-ай, десеңізші.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG