Accessibility links

Ислам конференциясы ұйымының аты өзгертіледі


Cейсенбі күні Астанада өтетін Ислам конференциясы ұйымының сыртқы істер министрлері дәрежесіндегі басқосуында ұйымның атын өзгерту мәселесі қарастырылады.

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады. Жиында ұйымның эмблемасын өзгерту жайы да талқыланбақ.

Жиында адам құқығы жөнінде комиссия құрып, «Орталық Азия – Ислам конференциясы ұйымы» іс-қимыл жоспарын қабылдау көзделген.

Жиынның күн тәртібі туралы дүйсенбіде Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов пен ұйымның бас хатшысы Акмаледдин Эхсаноғлының кездесуінде айтылды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG