Accessibility links

Ливия билігі Гаага сотының шешімін қатаң айыптады


Муаммар Каддафи.
Муаммар Каддафи.
Ливия билігі Халықаралық қылмыстық соттың Муаммар Каддафи мен оның серіктерін тұтқындауға ордер берген шешімін қатаң түрде айыптады.

Елдің әділет министрі Мұхаммед әл-Камуди Гаага сотын "дамушы елдердің басшыларын қудалайтын Батыстың құралы" деп атады.

Гаагадағы Халықаралық сот Каддафи мен мен оның ұлы Сейф ул-Исламды, Ливия барлауының басшысы Абдолла әс-Сенуссиді билікке қарсы шеруге қатысқандарды қудалап, адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптаған.

Ливия көтерілісшілерінің уақытша ұлттық кеңесі Гаага сотының шешімін құптады.
XS
SM
MD
LG