Accessibility links

Қамаудағы судьялардың үстінен жаңа іс қозғалды


Қазақстан жоғарғы сотының екі судьясы Алмас Тәшенов пен Сәулетбек Жәкішевке қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

Мәліметке қарағанда, бас прокуратура Тәшеновқа қатысты аса ірі көлемде - 70 мың доллар пара алды деген факт бойынша, Жәкішевке қатысты осы мөлшерде пара беру фактісі бойынша қосымша қылмыстық іс қозғады.

Сәуір айында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен жоғарғы соттың алқа төрағасы Тәшенов пен судья Жәкішевтің үстінен алғашқы қылмыстық іс қозғалған еді. Соңынан екеуі де қамауға алынды. Олар бір істі «ФИК «Алел» компаниясының пайдасына шешіп бермек болып, мемлекетке 495 миллион теңге шығын келтірді деп танылды.
XS
SM
MD
LG