Accessibility links

Түрмеден қашпақ болған тұтқын қолға түсті


Қарағанды облысындағы қатаң тәртіптегі колониядан қашпақ болған тұтқын ауыздықталды.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ресми өкілі Самал Ғаділбектің айтуынша, оқиға дүйсенбі күні таңғы 5-тің шамасында болған.

14,5 жылға сотталған тұтқын түрменің негізгі қоршауынан секіріп қашпақшы болған. Сол сәтте 31 жастағы жазасын өтеушіні түрме қызметкерлері мен ішкі істер министрлігінің күзет жасағы қолға түсірген.

Ресми мәліметке қарағанда, тұтқын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған және психиатрдың тізіміне алынған азамат болып шықты.

Тексеру жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG