Accessibility links

Назарбаев Ислам конференциясының G20 тобы жұмысына қатысуын ұсынды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымы өкілдерінің «Үлкен жиырмалық» тобы жұмысына қатысуын ұсынды.

Назарбаев бұл туралы сейсенбі күні Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің Астанадағы отырысында айтты.

- Ислам конференциясы ұйымы ғаламдық деңгейде шешім қабылдауға белсенді түрде қатысуы керек деп санаймын, - деді Қазақстан президенті.

Астанада Ислам конференциясы ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 38-отырысы басталған болатын. Жиын барысында Қазақстан ұйымның кезеңдік төрағалығын Тәжікстаннан қабылдап алды. Отырыста Таяу Шығыс және Ауғанстан мәселесі де талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG