Accessibility links

Ресей Беларуське электр қуаты тасымалын доғармақ


(Көрнекі сурет)

(Көрнекі сурет)

Ресей экономикалық дағдарысқа ұшыраған Беларусь елін электр қуатымен қамтамасыз етуін тоқтататынын ескертті.

Ресейлік "Интер РАО ЕЭС" компаниясының өкілі Антон Назаровтың мәлімдеуінше, Минск электр қуаты үшін қарызын төлемегендіктен бүгін түнде бұл елге энергия тасымалы доғарылады.

Бұл компания осы айдың басында Беларуське көмектесу үшін электр қуаты тасымалын азайтып, төлеу мерзімін кейінге шегерген.

Хабарларға қарағанда, екі ел арасындағы дау 21,2 миллион АҚШ долларына қатысты болып отыр. Беларусь қарызын өтеу үшін өзінде жергілікті валюта жеткілікті екенін, алайда Ресей рублі тапшы екенін айтады.
XS
SM
MD
LG