Accessibility links

Ауғанстанның орталық банк төрағасы елден қашып кетті


Абдул Қадир Фитрат

Абдул Қадир Фитрат

Ауғанстанның орталық банк төрағасы өзінің өміріне қауіп төнгенін айтып, қызметінен кеткенін хабарлады. Бұл мәлімдемесін Абдул Қадир Фитрат дүйсенбі күні АҚШ-қа сапарында жасады.

Ол ауған үкіметін өткен жылы күйреу қауіпіне ұшыраған ірі жекеменшік банк - Кабул банкке қатысты жауаптыларды жазаламады деп айыптады. Тергеушілердің айтуынша, бұл банк ауған ресми өкілдеріне, олардың ішінде президент Хамид Карзайдың туыстарына құжатсыз шамамен 500 миллион доллар көлемінде несие берген.

Карзайдың баспасөз хатшысы Фитрат өзінің отставкасы туралы ауған үкіметіне ешнәрсе айтпады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Фитраттың өзіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Кабул банкі төңірегіндегі жемқорлыққа қатысты дау Халықаралық валюта қорының болашақта Ауғанстанға беретін көмегіне қауіп төндірді.
XS
SM
MD
LG