Accessibility links

Ставрополь тұрғындарына "қазақстандықтарды құлдықта ұстады" деген айып тағылды


Ставрополь қаласындағы мәдениет және спорт сарайы. (Көрнекі сурет)

Ставрополь қаласындағы мәдениет және спорт сарайы. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Ставрополь қаласындағы сот қазақстандық мигранттардың еңбегін қанап, құлдықта ұстады деп айыпталған жергілікті тұрғындарға қатысты қылмыстық істі қарайды деп хабарлайды "Интерфакс-Юг" агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, сотталушылар Шымкенттегі "А и Бек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Жұмыс іздеу орталығы" арқылы Ставрополь қаласында құрылыспен айналысқан көрінеді. Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушылар өткен жылдың тамыз айынан бері қазақстандық мигранттарды тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Айыпталушылар айыпты деп танылса, 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG