Accessibility links

Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы болып сайланды


Кристин Лагард.

Кристин Лагард.

Франция қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы болып сайланды.

Бұл турасында сейсенбі күні Вашингтонда қор өкілі Дэвид Холи хабарлады.

Айтуынша, Халықаралық валюта қорының алғашқы әйел басшысы Кристин Лагард 5 шілдеде ресми түрде қызметіне кіріспек.

Кристин Лагард секс-жанжалдан кейін қызметтен кетуге мәжбүр болған Доминик Стросс-Канды алмастырды.
XS
SM
MD
LG