Accessibility links

Кабулдағы қонақ үйге шабуылдан 10 адам қаза тапты


Intercontinental қонақүйі. Кабул. 28 маусым 2011 жыл.
Intercontinental қонақүйі. Кабул. 28 маусым 2011 жыл.
Сәрсенбіге ауған түні болған Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіндегі шабуылдан 10 адам қаза тапты. Шабуылдағандардың кем дегенде алтауы өлтірілген.

Сәрсенбі күні Кабул полициясының басшысы Айюб Саланги осылай деп мәлімдеді.

Арнайы операцияға халықаралық күштердің тікұшақтары тартылған.

Шабуыл барысында қонақ үйде бірнеше адам өзін-өзі жарып жіберген. Оқиғаның жауапкершілігін Талибан қозғалысы мойнына алды.

Intercontinental - Кабулдағы үздік қонақүйлердің бірі. Онда батыс журналистері мен дипломаттары жиі аялдайды. Шабуыл кезінде қонақ үйде 60-тан аса адам болған.
XS
SM
MD
LG