Accessibility links

"Халық майданы" қозғалысы құрылды


Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Ғазиз Алдамжаров. 29 шілде 2011 жыл.. Almaty, 29Jun2011.

Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Ғазиз Алдамжаров. 29 шілде 2011 жыл.. Almaty, 29Jun2011.

Сәрсенбі күні Қазақстанда оппозициялық "Халық майданы" қозғалысының құрылғаны хабарланды.

Қозғалыс өкілдері бұл турасында арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Олар кез-келген уақытта парламент сайлауы өте қалса, оған кандидат ұсынуға әзір екендігін білдірді. Қозғалыстың мақсаты парламентте көппартиялық қалыптастыру екендігі айтылды.

Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Ғазиз Алдамжаровтың айтуынша, "Халық майданын" 20-дан астам ұйым қолдап отырса керек.
XS
SM
MD
LG