Accessibility links

Ресей Беларуське электр қуаты тасымалын доғарды


Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Сечин
Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Сечин
Ресей Беларусь еліне электр қуаты тасымалын тоқтатты себебі экономикалық дағдарысқа ұшыраған Минск энергия үшін Ресейге қарызын өтей алмады.

Ресейлік "Интер РАО ЕЭС" компаниясының мәліметінше, Беларусь үшайлық электр қуаты үшін бұл компанияға 40 миллион АҚШ долларынан астам қаржы төлеуі тиіс.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Сечин Минскпен арадағы электр қуатына байланысты даудың саясатқа қатысы жоқ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG