Accessibility links

Киевте Тимошенкоға қатысты сот басталды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға қатысты сот жүріп жатыр. Оған "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылған.

Киев соты 50 жастағы Тимошенконы 2009 жылы Ресеймен газ келісімдерін жасағанда, елдің экономикасына орасан зор шығын әкелді деп айыптап отыр.

Тимошенко өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар екенін айтты. Бүгін Киевтегі сот отырысына қатысқан Тимошенко сотты "фарс" деп атады.

"Бұл сот емес. Бұл президент әкімшілігінің бөлімі, сіздер саяси тапсырысты орындап отырсыздар", - деді Тимошенко.

2004 жылғы "Қызғылт-сары төңкерісі" жетекшілерінің бірі Юлия Тимошенко өткен жылы президент сайлауына түсіп, қазіргі президент Виктор Януковичтің қарсыласы болған.

Егер ол айыпты деп танылса, кемінде 7 жылға қамалуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG