Accessibility links

Афиныда шерушілер полициямен қақтығысты


Наразылық танытушылардың полициямен қақтығысы. Афины, 29 маусым 2011 жыл.
Наразылық танытушылардың полициямен қақтығысы. Афины, 29 маусым 2011 жыл.
Бүгін Афиныда полиция мен наразылық танытушылар арасында қақтығыс болды.

Грекия парламенті ел экономикасын құтқару үшін қатаң шара қолдану әрекеттеріне қатысты дауыс береді. Ондаған мың адам бұған наразылық танытып отыр.

Халықаралық валюта қоры мен Еуропа Одағы экономикалық дағдарысқа ұшыраған Грекияға 110 миллиард еуро көлеміндегі несиенің соңғы бөлігін беру үшін бюджеттен 28 миллиард еуроны қысқарту жөніндегі заң жобасы мақұлдануы тиіс дейді.

Грекиядағы жалпыұлттық ереуілді елдің ірі кәсіподақтары ұйымдастырып отыр. Сейсенбі күні басталған наразылық шарасы 48 сағатқа жалғасады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG