Accessibility links

Грекия парламенті қатаң шаралар туралы заң жобасын мақұлдады


Грекия полициясы парламент ғимараты алдында жиналған наразылық танытушыларды қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газ атты. Афины, 29 маусым 2011 жыл.

Грекия полициясы парламент ғимараты алдында жиналған наразылық танытушыларды қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газ атты. Афины, 29 маусым 2011 жыл.

Грекияның заңшығарушылары ел экономикасын құтқаруға бағытталған қатаң шаралар туралы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, 2015 жылға дейін 28,4 миллиард еуроны үнемдеу үшін жалақылар көлемі азайтылып, салықтар көтерілетін болады.

Халықаралық валюта қоры мен Еуропа Одағы экономикалық дағдарысқа ұшыраған Грекияға 110 миллиард еуро көлеміндегі несиенің соңғы бөлігін беру үшін бюджеттен 28 миллиард еуроны қысқарту жөніндегі заң жобасы мақұлдануы тиіс дейді.

Грекияда сейсенбі күні басталған жалпыұлттық ереуіл жалғасып жатыр. Афиныда полиция мен наразылық танытушылар арасында қақтығыс болды.

Наразылық танытушылардың айтуынша, үкіметтің қатаң шаралары елдегі ең аз және орташа жалақы алатындарға қатты әсер етеді. Грекияда жұмыссыздық деңгейі - 16 пайыз шамасында.

Маусымның 28-інде Афиныдағы қақтығыстар барысында кемінде 46 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG