Accessibility links

Ауғанстан: француз журналистері бостандыққа шықты


Сәрсенбі күні Ауғанстанда бір жарым жылдан бері қамауда жатқан француз журналистері бостандыққа шықты.

Ауғанстандағы Франция елшілігінің хабарлауынша, Эрве Гескьер мен Стефан Тапоньенің денсаулықтары жақсы. Олар бейсенбі күні отандарына оралмақ.

"Франс труа" телеканалында істейтін Эрве Гескьер мен Стефан Тапоньені 2009 жылы қарашада қарулы жасақ Кабулдің шығыс жағындағы тұрақсыз аймақта қолға түсірген болатын.
XS
SM
MD
LG