Accessibility links

Йеменнің оңтүстігінде 25 сарбаз қаза тапты


Әли Абдолла Салехтің биліктен кетуін талап еткен шерушілер.

Әли Абдолла Салехтің биліктен кетуін талап еткен шерушілер.

Йеменнің оңтүстігіндегі Зинжибар қаласы маңындағы қақтығыста билік жағынан 25 сарбаз қаза тапты. Әскери жасақтан 17 адам өлтірілді.

Йемен оппозициясының мәліметінше, 300 сарбаз әскери жасаққа қосылған. Алайда билік өкілдері әзірге бұл хабарды растамады, жоққа да шығарған жоқ.

Йеменде бірнеше айдан бері билікке қарсы әрекет жалғасып келеді. Елдің оңтүстігінде "әл-Қаиде" ұйымымен байланыстағы топтардың бас көтергені хабарланып отыр.

Оппозиция қызметтен кетуін талап еткен Йемен президенті Әли Абдолла Салех қазір Сауд Арабиясында ем қабылдап жатыр. Ол Сана қаласында зымыран шабуылы кезінде жараланған еді.
XS
SM
MD
LG