Accessibility links

Қырғызстанда іздестіріліп жатқан түрік азаматы Қазақстанда ұсталды


Бішкектегі Beta Stores дүкені

Бішкектегі Beta Stores дүкені

Қырғыз ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, Қырғызстанда іздестіріліп жатқан түрік азаматы Қазақстанда тұтқындалған. Бұл туралы Азаттық радиосының Қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Нұрланбек Токталиевтің айтуынша, Гунеш Йылмаз маусымның 6-сында қырғыз-қазақ шекарасынан өтіп бара жатқанда қамауға алынған. "Қазақстан соты Йылмазды Қырғызстанға қайтару керек пе, әлде Түркияға экстрадициялау қажет пе деген мәселені қарайтын болады", - дейді Токталиев.

Бішкектегі Beta Stores гипермаркетінде жұмыс істеген Йылмаз өзіне тағылған айыптардан кейін Қырғызстаннан қашып кеткен. Оған "әріптесі Чолпон Орузбаеваны соққыға жықты" деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG