Accessibility links

Ұлыбританияда жұмысшылардың ереуілі басталды


Лондонда ереуіл өткізіп жатқан мұғалімдер. 30 маусым 2011 жыл.
Лондонда ереуіл өткізіп жатқан мұғалімдер. 30 маусым 2011 жыл.
Ұлыбританияның қоғамдық қызметтеріндегі жұмысшылар жоспарланған зейнетақы реформасына наразылық танытып, бүгін 24 сағаттық ереуілдерін бастады.

Ұсынылып отырған реформаларға сәйкес, жұмысшылар ұзағырақ жұмыс істеп, зейнетақы жүйесіне көбірек ақша қосуы керек болады. Үкіметтің айтуынша, бұл өзгерістер бюджет дефицитін 10 пайызға қысқарту үшін қажет.

Ұлыбританиядағы мектептердің көбі бүгін жабылады. Сонымен қатар иммиграция ресми өкілдері де ереуілге қосылатындықтан жолаушылар баратын жерлеріне өз уақытында жете алмауы мүмкін.

Хабарларға қарағанда, ереуілге 750 мыңға жуық жұмысшы қатысуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG