Accessibility links

Ливия көтерілісшілері қаруға мұқтаж


AЛивияның Ұлттық өтпелі кеңесі төрағасы Махмуд Жибрил. Вена, 30 маусым 2011 жыл.
AЛивияның Ұлттық өтпелі кеңесі төрағасы Махмуд Жибрил. Вена, 30 маусым 2011 жыл.
Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді биліктен кетіру үшін үкімет күштерімен шайқасып жатқан көтерілісшілер көбірек және жақсырақ қаруларға мұқтаж. Бұл туралы Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесі төрағасы Махмуд Жибрил бүгін Австрияға сапары барысында мәлімдеді.

Осыдан бір күн бұрын Франция Триполидің оңтүстік-батысында соғысып жатқан Бербер тайпалы жауынгерлерін қарумен қамтамасыз еткенін хабарлаған болатын. Ресми Париждің айтуынша, бұл әрекет БҰҰ-ның қару эмбаргосына қайшы келмейді себебі берілген қарулар қауіпке ұшыраған қарапайым азаматтарды қорғау үшін керек.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше Қытай Ливиядағы қақтығысқа араласып жатқан елдерді БҰҰ қарары мандатын бұзатын кез келген әрекеттің алдын-алуға шақырды.
XS
SM
MD
LG