Accessibility links

Қырғызстанда сот кеңесіне қатысты наразылық шарасы өтті


Бүгін 150-ге жуық адам қырғыз парламенті алдында жиналып, жаңа сот кеңесіне бірнеше судьяны тағайындау туралы ұсынысқа наразылық танытты деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Наразылық танытушылардың айтуынша, басқа судьяларды таңдайтын кеңеске ұсынылып отырған бірнеше кандидат бұдан бұрын заң бұзған.

Наразылық танытушылар бүгін бұл мәселені көтеріп, құқық қорғаушы Азиза Абдирасиловамен кездесті.

Президент Роза Отунбаева бұдан бұрын аталмыш кеңестің жақын арада құрылатынын хабарлаған. Президенттің айтуынша, жаңа кеңес кейін Қырғызстандағы барлық судьяларды тағайындайтын болады.
XS
SM
MD
LG