Accessibility links

Грекия парламенті қатаң шаралар туралы соңғы заңды мақұлдады


Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу парламентте дауыс беріп жатыр. 30 маусым 2011 жыл.

Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу парламентте дауыс беріп жатыр. 30 маусым 2011 жыл.

Грекияның заңшығарушылары ел экономикасын құтқаруға бағытталған қатаң шаралар туралы соңғы заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, 2015 жылға дейін 28,4 миллиард еуроны үнемдеу үшін жалақылар көлемі азайтылып, салықтар көтерілетін болады.

Халықаралық валюта қоры мен Еуропа Одағы экономикалық дағдарысқа ұшыраған Грекияға 110 миллиард еуро көлеміндегі несиенің соңғы бөлігін беру үшін бюджеттен 28 миллиард еуроны қысқарту жөніндегі заң жобасының мақұлдануын талап еткен еді.

Грекияда сейсенбі күні басталған жалпыұлттық ереуіл 48 сағаттан кейін тоқтап, қазір ел астанасындағы жағдай қалпына келе бастаған көрінеді.
XS
SM
MD
LG