Accessibility links

Венесуэла билігі Уго Чавестің жақында елге оралатындығын айтады


Венесуэла президенті Уго Чавес телеарна арқылы бұқараға мәлімдеме жасады. 30 маусым 2011 ж.
Венесуэла президенті Уго Чавес телеарна арқылы бұқараға мәлімдеме жасады. 30 маусым 2011 ж.
Бүгін Венесуэла қорғаныс министрі Генри Ранхель Сильва президент Уго Чавестің денсаулық жағдайы туралы хабарларға қарамастан елдегі жағдай тыныш деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Кубада емделіп жатқан президент жақын арада елге оралады.

Уго Чавестің өзі бейсенбі күні ұлттық телеарнадан сөйлеп, ағзасындағы қатерлі ісікті алғызғаны туралы жұртшылыққа мәлімдеген еді.

Чавес өзін жақсы сезінетіндігін айтып, енді жуық арада толық сауығып кететіндігіне ел азаматтарын сендіруге тырысты.
XS
SM
MD
LG